Жаңалықтар

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова мәдениет пен өнер саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – саладағы өзекті мәселелерді талқылау, мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды заңнамалық деңгейде қолдау мүмкіндіктерін қарастыру болды. Кездесу барысында Айгүл Жарылқасынқызы мәдениет пен өнердің ел дамуына қосқан маңызды үлесін атап өтті және қазіргі уақытта қабылданып жатқан заңнамалық өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат берді.

– Бүгінгі кездесу мәдениет пен өнер саласындағы нақты мәселелерді көтеруге, ұсыныстар айтуға және оларды Сенат деңгейіне дейін жеткізуге таптырмас мүмкіндік болып отыр, – деді сенатор. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп жатқан заңдар халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Мысалы, «Мәдениет туралы» заңға енгізілген өзгерістер нәтижесінде «мәдениет ұйымы» және «мәдениет қызметкері» ұғымдары заң тұрғысынан нақты анықталды. Бұған дейін бұл терминдер тек бейресми қолданылған болса, енді олар құқықтық негізге ие болып, мәдениет қызметкерлерінің мәртебесі мен кәсіби дамуына оң ықпал етеді деп сенемін.

Кездесу барысында сондай-ақ ұлттық деңгейдегі мәдени-шығармашылық ұйымдарға ерекше мәртебе беру критерийлері туралы айтылды. Сонымен қатар, креативті индустрияны дамытуға бағытталған жаңа нормалар талқыланды. Бұл нормалар театрлар, мұражайлар және басқа мәдени мекемелердің ішкі басқару құрылымын, көркемдік кеңестердің ережелерін бекіту секілді ұйымдастырушылық процестерді реттеуге мүмкіндік береді. Айгүл Қапбарова бұл жаңалықтардың мәдениет пен өнер саласының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесу соңында сенатор қатысушылардың барлық ұсыныстары заң жобаларын жетілдіру үшін Сенаттың жұмысында ескерілетінін атап өтті. Мәдениет пен өнер саласының қызметкерлерімен осындай ашық диалогтар алдағы уақытта да жалғасатыны сөз болды. Бұл – елдің рухани өмірін байытуға бағытталған маңызды қадам әрі мәдениет қызметкерлерінің құқығын қорғауға арналған тиімді механизм болып табылады.

Әлеуметтік мәселелерді шешу жолында халықпен тұрақты байланыс орнату

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *