Жаңалықтар

Шымкентте санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша рейдтік іс-шара өткізілді

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметінің бірлескен ұйымдастыруымен аудан аумағында құрылыс материалдары мен инертті қалдықтардың ретсіз жинақталуына жол бермеу мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өткізілді. Бұл шара тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және қоғамдық кеңістіктердің тазалығын арттыру бағытында жүзеге асырылды.

Рейд Нұртас шағынауданының Ақсауыт және Байтереков көшелерінің қиылысында өтті. Іс-шараға Қаратау ауданы әкімдігінің жауапты мамандары, жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиналғандарға санитарлық талаптарды сақтау, аумақтарды абаттандыру және құрылыс пен тұрмыстық қалдықтарды ретсіз орналастырмау туралы толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қаратау ауданы әкімдігінің қоғамдық орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Әлібек Қалдыбектің мәліметінше, кейбір тұрғындар құрылыс материалдарын жеке үй аумағынан асырып, көше бойына шығарып тастайды. Бұл көршілер мен жүргіншілер үшін қолайсыздық тудырып, қоғамдық орынды ластаудың негізгі себептерінің бірі болып отыр. «Ескерту жасалғанымен, кейбір тұрғындар өз іс-әрекеттерін түзетуге ниет білдірмейді», – деді ол.

Рейд барысында жеке тұрғын үйлердің іргелес аумақтарында жиналған құрылыс және тұрмыстық қалдықтар жинақталып, арнайы техникалармен тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, құқық бұзушыларға қатысты түсіндіру жұмыстары атқарылып, заңға сәйкес тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қаратау ауданы әкімдігі тұрғындарды санитарлық талаптарды қатаң сақтау және өз үйлерінің айналасын таза ұстауға шақырады. Аталған бағыттағы санитарлық-тазалық рейдтері аудан аумағында тұрақты түрде ұйымдастырылып, қоғамдық кеңістіктердің тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары үздіксіз жүргізілетін болады.

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА ТЕХНИКА МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *