«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар «EgovKzBot2.0» telegram бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөнінде ұсыныс енгізе алады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне қызмет алушы «Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету нәтижелерінің «Электрондық үкімет» порталында жоқтығы туралы өтінішпен жүгінді. Департаменттің жауапты мамандары өтініш иесі және қызмет берушімен кері байланыс орнатты.
Өтінішті қарау барысында қызмет алушыға 81362 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалғандығы анықталды.
Қызмет көрсету нәтижесі, яғни, жәрдемақы тағайындау туралы шешім өтініш иесіне жолданды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының ақпараты
Comments