ӘлеуметЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғам

ШЫМКЕНТ: ЮНИСЕФ ҚОРЫНЫҢ ВОЛОНТЕРЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында жастар үшін ерекше әрі маңызды оқиға орын алды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры – ЮНИСЕФ ұйымдастырған Волонтерлер мектебі ресми түрде ашылып, «Балалар мен жастардың құқықтары мен әл-ауқаты үшін» атты кездесулер сериясының алғашқы шарасы өтті.
Аталған бастама әлеуметтік және экологиялық жобаларға белсене араласып, өңірдегі еріктілер ісінің дамуына үлес қосуды мақсат тұтқан 500-ден астам белсенді жасты біріктірді.
Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің м.у.а. Айдын Кәрімов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззи-Вейл қатысып, жастарға жылы лебізін білдірді.

– Қоғамда белсенді, жанашыр, өз болашағына бейжай қарамайтын жастардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Волонтерлік — бұл тек көмек беру ғана емес, бұл – сана-сезім, жауапкершілік пен азаматтық борыш. ЮНИСЕФ бастамасы жастардың бойындағы осы қасиеттерді ашуға сеп болмақ, – деді Айдын Кәрімов.

Сонымен қатар, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззи-Вейл өз сөзінде бұл бастама тек волонтерлікті дамыту емес, жастардың қоғамға араласу мүмкіндігін кеңейту екенін атап өтті.
– Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау – біздің ортақ мақсатымыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінде ашылған Волонтерлер мектептері жастардың өз дауысын естіртіп, нақты әрекетке көшуіне мүмкіндік береді. Шымкенттегі бұл кездесу – сол ұзақ жолдағы сенімді қадам, – деді.
Ал, Ғани Бесбаев жастарға бағытталған мұндай бастамалардың білім беру жүйесімен тығыз байланысы болуы қажет екенін айтып, университет жастар бастамаларын әрдайым қолдайтынын білдірді.

КӨГАЛДАНДЫРУ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН МЕН ҚХР ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ

Алдыңғы

Азаматқа telegram бот арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *