Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ұқсас Қытай Халық Республикасының қалаларына арнайы іссапар ұйымдастырылды.
Іссапар барысында қаланың көгалдандыруына жауапты мамандар Үрімші, Тұрпан, Қорла және Ақсу қалаларында жерсіндірілген ағаш және өсімдік түрлерін зерттеді. Нәтижесінде Түркістан қаласына бейімделген ағаш көшеттерін жеткізу бойынша алдын ала келісімшарт жасалды.
Сонымен қатар шөл және шөлейт аймақтарға арналған тыңайтқыштарды шығаратын зауыт басшыларымен екіжақты кездесулер өтіп, қажетті агрохимиялық өнімдермен қамтамасыз ету мәселесі келісілді. Қытай еліндегі тұқымбақтардың жұмысымен танысу барысында қытайлық кәсіпкерлер Түркістан аумағында ағаш және гүл тұқымдарын өсіретін арнайы тұқымбақтар құруға ниет білдірді.
Comments