Жаңалықтар

Әл-Фараби ауданында тазалық пен экология мәселесі ерекше бақылауда

Әл-Фараби ауданы — Шымкент қаласының ең ірі және тығыз қоныстанған аудандарының бірі. Мұнда өмір сүру сапасын жақсарту, экологиялық жағдайды нығайту және тұрғындардың жайлылығын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Тазалық пен абаттандыру мәселелері аудан басшылығының басты назарында.

Аудан аумағында 214 қоқыс алаңшасы бар, оның 80%-ы соңғы жылдары жаңартылды. Басты көшелер мен тұрғын үй ауларына 657 қоқыс жәшігі мен 680 контейнер қойылған. Санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге 21 техника мен 161 адам жұмылдырылған. Әкімдік әр секторға жауапты мамандар бекітіп, тұрақты бақылау жүргізеді.

Ретсіз саудаға қарсы күрес шаралары да жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аудан орталығындағы 4 базардың, оның ішінде ең ірісі Қырғы базарында полиция қызметкерлері күнделікті кезекшілік атқарады. Жыл сайын ретсіз саудаға 1000-нан астам айыппұл салынып, тұрақты рейдтер арқылы заң бұзушылықтар анықталып, шаралар қабылданады.

Экологияны жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында көгалдандыру мен санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр. Бұл шаралар тұрғындардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Әкімдік пен аудандық полиция басқармасы бірлесіп, белгіленбеген орындарға тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тастау фактілерін зерделеп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қолданады. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кейбір кәсіпкерлік нысандар мен тұрғындардың абаттандыру қағидаларын бұзуы анықталғанда, заңнамаға сәйкес хаттамалар толтырылып, қалдықтарды арнайы полигондарға шығарудың тәртібі түсіндіріледі. Полиция департаменті бұл мәселеге заң аясында тұрақты назар аударады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 505-бабына сәйкес, абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру немесе жасыл екпелерді зақымдау бойынша:

  • Бірінші рет ескерту немесе 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады;

  • Қайталанған жағдайда — 30 АЕК айыппұл қарастырылған.

Сонымен қатар, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы):

  • Бірінші рет — 5 АЕК айыппұл;

  • Қайталанған жағдайда — 10 АЕК айыппұл салынады.

Аудан тұрғындарын абаттандыру қағидаларын сақтауға және таза әрі жайлы орта қалыптастыруға белсенді атсалысуға шақырамыз. Таза әрі жайлы орта – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

ШЫМКЕНТ: 14 БАЛАБАҚША КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Алдыңғы

Әл-Фараби ауданында балалар алаңдары мен спорт нысандары жаңартылуда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *