Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 16-ШЫ ШАҒЫНАУДАНДА ЖАҢА АШЫҚ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданына қарасты 16-шағынауданда демеушілік қолдау аясында заманауи ашық спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Халық көптен күткен бұл әлеуметтік нысан – балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына қолайлы жағдай жасайды.

Алаңшада түрлі спорт түрлеріне арналған жабдықтар орнатылған. Атап айтқанда, футбол және воркаут жаттығуларына арналған аймақтар, тренажерлар, қауіпсіздік талаптарына сай жұмсақ резеңке төсеніштер мен демалуға арналған орындықтар қарастырылған. Бұл бастама тұрғындардың сұранысы негізінде қолға алынып, жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік-мәдени өміріне тың серпін беріп отыр.

Жаңа алаңшаның ашылуы – ауданда тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктерді арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Бұған дейін де Әл-Фараби ауданы әкімдігі демеушілік қолдаумен және бюджет есебінен бірнеше балалар ойын және спорт алаңшаларын салып, халық игілігіне ұсынған болатын.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылы Әл-Фараби ауданы аумағында тағы 32 жаңа ойын алаңы мен 1 спорт алаңын орнату жоспарланған. Бұл жобалар балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз ортада ойнап, дене дамуын жақсартуына сеп болмақ. Сонымен қатар, осындай инфрақұрылым тұрғындар арасындағы салауатты өмір салтын дәріптеп, аула мәдениетін қалыптастыруға әсер етеді.

Бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданы бойынша 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 тарихи-мәдени ескерткіш пен 12 субұрқақ тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп отыр. Бұл нысандарды күтіп ұстау, көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық сақтау тұрақты бақылауға алынған.

Аудан әкімдігі бұдан әрі де демеушілермен және қоғам белсенділерімен бірлесіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды жалғастыра бермек. Әрбір орнатылған алаң – бұл тек спорттық нысан ғана емес, тұрғындардың өміріне жаңа тыныс сыйлайтын маңызды әлеуметтік кеңістік.

Болашақ – әскер қатарынан басталады

Алдыңғы

Әл-Фараби ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *