«Реновация» бағдарламасы – ескі үйлерді бұзып, орнына заманауи, сапалы әрі қауіпсіз жаңа тұрғын үйлер тұрғызуға бағытталған бастама. Бұл жоба тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, инфрақұрылыммен жақсы қамтылған қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ әкім 18-шағынаудандағы №18 үй ауласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен, оның ішінде «Модернизация» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің жаңғырту барысымен де танысты. Мұндай жобалар үйлердің техникалық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады.
Сонымен қатар, әкім қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен аудан тұрғындарының көтерген мәселелерінің шешілу барысын бақылауға алды. Айта кетейік, жуырда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Жандарбеков, Отбасы, Бекет батыр гүлзарлары мен Орталық саябақта, сондай-ақ Әл-Фараби даңғылы және Рашидов көшесі 25а мекенжайындағы көпқабатты үйдің ауласында көшпелі кездесу өткізген болатын.
Кездесу барысында тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді – аулаішілік абаттандыру, балалар ойын және спорт алаңдарын жөндеу, көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, жарық шамдары мен бейнебақылау камераларын орнату сынды мәселелерді көтерді. Әкім әрбір сұрақты жеке тыңдап, тиісті басқарма өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен бірге, Жібек жолы көшесінде тұрғындар өтінішімен аяқжол салу мәселесі көтеріліп, ол қала басшысының қолдауымен кәсіпкерлік қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Қазір бұл аяқжол пайдалануға беріліп, халық игілігіне қызмет етуде.
Қала әкімі аудан әкімдігіне тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді, олардың ұсыныстарына жедел әрі сапалы жауап беруді және көтерілген мәселелер бойынша нақты кері байланыс орнатуды тапсырды.
Аудан әкімдігі алдағы уақытта да барлық сала бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды кезең-кезеңімен іске асыра бермек.
Comments