ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ТҰРАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КӨП КҮТТІРМЕЙ ШЕШІМІН ТАБУДА

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің Тұран ауданы тұрғындарымен өткізген көшпелі кездесуінде айтылған мәселелер ескерусіз қалмай, нақты шешімдер қабылданды. Тұрғындар тарапынан көтерілген өтініштер мен ұсыныстарға сәйкес, бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды.

1. Аяқжол салу:
Тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында Тұран ауданының Орманов көшесіне ұзындығы 20 метрді құрайтын жаңа аяқжол салынды. Бұл — тұрғындар күнделікті қолданатын бағыттардың бірі.
2. Аула ішін жарықтандыру:
Байтұрсынов көшесіндегі №94 көпқабатты тұрғын үй ауласына сыртқы жарық шамдары орнатылды. Бұл шара аула ішіндегі қауіпсіздікті арттырып, тұрғындардың кешкі уақытта емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік береді.
3. Ирригациялық жүйе орнату:
Көктас көшесінің бойына жаңбыр және ағын суларды тиімді бағыттау мақсатында ирригациялық жүйе жүргізілді. Бұл жұмыс көшелердің ластануын, су жиналуын болдырмауға бағытталған.
4. Спорт алаңын абаттандыру:
Отырар көшесіндегі №41 үйдің аумағындағы спорт алаңшасына резеңке жабынды (тартан) төселіп, балалар мен жастардың қауіпсіз түрде спортпен айналысуына жағдай жасалды.

Аталған шаралар тұрғындардың жайлылығы мен өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүзеге асырылды. Тұрғындар жүргізілген жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.

ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ: БАСҚАРМА ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Алдыңғы

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ДӘРІГЕР – ӨМІР САҚШЫСЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *