Жаңалықтар

ДАЛА ТӨСІНДЕГІ ДИАЛОГ

2025 жылдың 15 шілдесінде Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының Қаратал ауданы бойынша филиалының директоры Төлегенов Мержан Советханұлы Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Кәлпе ауылына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ол жүгері өсірумен айналысатын «Тұрғанбаев» шаруа қожалығының алқабына арнайы барып, шаруашылықтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Ашық диалог форматында өткен кездесу кезінде Мержан Советханұлы мемлекет тарапынан ұсынылатын қолдау шаралары жөнінде кеңінен ақпарат беріп, шаруашылық иесінің ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдады.

«Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының тірегі. Сондықтан әрбір еңбекқор шаруаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды дер кезінде жеткізу – біздің басты міндетіміз», — деді Мержан Советханұлы Төлегенов.

Кездесу тек ресми сипатта емес, ауыл кәсіпкерлерінің нақты сұраныстарын ескеруге бағытталған нақты қадам ретінде өтті. Бұл шара ауыл мен билік арасындағы байланысты нығайтып, кәсіпкерлік саласының дамуына серпін беруді көздейді.

Өз кезегінде шаруа қожалығының жетекшісі де кездесудің маңыздылығын атап өтті:

«Бізге ең маңыздысы – нақты қолдау мен түсіністік. Осындай кездесулер ауыл кәсіпкерлеріне үлкен серпін береді», — деді «Тұрғанбаев» шаруа қожалығының жетекшісі.

Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы ауыл кәсіпкерлерінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың өз ісін өрістетуіне нақты жағдай жасауды басты назарда ұстап келеді. Мұндай жүздесулер – өзара сенім мен нақты нәтижеге бастайтын маңызды диалог алаңы .

Қобланды АБЕНОВ

Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

Алдыңғы

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *