Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «AMANAT» партиясы мен Үкіметтің бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Әкімдер мектебі» жобасы аясында ауыл әкімдері кәсіби оқудан өтті. Оқу барысында әкімдер өз жобаларын қорғап, ауылдарды өркендетуге арналған нақты даму жоспарларын ұсынды. «Әкімдер мектебі» жобасы — әкімдердің өз міндеттерін сапалы атқаруына жағдай жасап, кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік берері сөзсіз. Осыған орай, жобаны толыққанды түсіндіру мақсатында аудандық партия филиалында кооператив құратын шаруа қожалықтары басшыларымен кездесу өтті. Кездесу барында А. Бералиева кооператив құрудың тиімділігі мен мүмкіндіктеріне тоқталып, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ұсынылатын жеңілдіктер бойынша толыққанды ақпарат берді. Жиынға қатысушылар сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Кездесуден кейін А. Бералиева Шанханай ауылдық округіне барып жоба аясында құрылатын кооперативтің мекен-жайымен, жағдайымен танысып қайтты.
ӘКІМДЕР МЕКТЕБІ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР!

Comments