Жаңалықтар

Тарих жазылған сәт!

Қытайдың астанасы Бейжің төрінде өтіп жатқан «ПарАзия ойындарында» Қараталдың қайсар ұлы, құралайды көзге атқан мергеніміз — Төлеуқасым Нұршат Мейрамқасымұлы ел намысын абыроймен қорғап, парасадақ атудан жекелей сайыста Қазақстан қоржынына алғашқы қола медальді салды!

Бұл – жай ғана жүлде емес, бұл – ерік-жігердің, табандылықтың және отансүйгіш жүректің жемісі.

Бұл – тарих!

Парасадақ ату бойынша жекелей сында еліміз тұңғыш рет медаль алып отыр. Жас спортшының бұл жеңісі – күллі елге рух, мүмкіндігі шектеулі жандарға – үміт, ал жас буынға – үлгі мен мақтаныш.

Қасиетті Қараталдай қастерлі мекеннен түлеген тарланның бұл жеңісі – жер жәннаты Жетісудың жүрегінен ұшқан жауынгер рухтың, «Мүмкін емес» деген ұғымды жоққа шығарған қазақтың қайсар болмысының дәлелі!

Жарайсың, Нұршат!

Сенің атың – ел есінде,

Ерлігің – жүрек төрінде!

Жетісудың төсінен шыққан сен секілді ұландар барда – Қазақ елі әрдайым биікте!

Қобланды АБЕНОВ

САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *