Жаңалықтар

Ақмола облысында мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысындағы бұзушылықтар анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының 2025 жылдың І тоқсанындағы жұмысын талдау қорытындысын шығарды.

2025 жылдың І тоқсанында 173 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде мемлекеттік органдардың және өзге де уәкілетті органдардың тәртіптік комиссияларының ұсынымдары бойынша — 11, тәртіптік комиссияда қараусыз — 162 мемлекеттік қызметші жазаланды.

«Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібінің бұзылғаны анықталды, бұл тәртіп Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында және мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында белгіленген. Атап айтқанда, жазбаша түсініктемелерді сұрату мерзімдері мен тәртіптік жаза қолдану мерзімдерінің жүйелі түрде сақталмауы орын алған» — деп Департамент басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші атқарып жүрген лауазымынан заңсыз төмендетілгені анықталды. Департаменттің хаты негізінде аталған құқыққа қайшы актінің күші жойылып, қызметші бұрынғы лауазымына қайта тағайындалды.

Тәртіптік комиссиялардың құрамын қалыптастыру тәртібінде бұзушылықтар анықталды: жұмыс берушілер сайланбалы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігіне қатысты мәселелерді қарауға құзыреті бар өкілдерді — мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерін комиссия құрамына енгізбеген.

Тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алу рәсімі бұзылуда: мұндай шешімдер оларды ұсынуға құзыреті жоқ тұлғалардың негізінде қабылданған фактілер тіркелді. Сонымен қатар, тәртіптік жаза қолдану туралы актілермен және тәртіптік комиссия отырыстарының хаттамаларымен қызметшілерді міндетті түрде таныстыруды көздейтін заңнама талаптарына қарамастан, бұл талаптың орындалмаған жағдайлары орын алған.

Жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданып, заңсыз қабылданған актілердің күші жойылды. Талдау материалдары Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, оның қорытындысы бойынша жауапты басшыларға мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар берілді.

 

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының ақпараты

Нарушения в работе дисциплинарных комиссий госорганов выявили в Акмолинской области

 

Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области подведены итоги анализа деятельности работы дисциплинарных комиссий государственных органов Акмолинской области за І квартал 2025 года.

В І квартале 2025 года к дисциплинарной ответственности привлечено 173 государственных служащих, из них по рекомендациям дисциплинарных комиссий государственных органов и иных уполномоченных органов – 11, без рассмотрения на дисциплинарной комиссии – 162 государственных служащих.

«По результатам проведенного анализа установлены факты несоблюдения порядка наложения взысканий на государственных служащих, определенных Правилами наложения дисциплинарного взыскания на государственных служащих и Законом «О государственной службе Республики Казахстан». В частности имеют место системные факты несоблюдения сроков истребования письменных пояснений, а также сроков наложения взысканий» — отмечает руководитель Департамента Думан Абилев.

Также установлен факт незаконного понижения служащего в занимаемой государственной должности. На основании письма Департамента незаконный акт был отменен, а служащий восстановлен в ранее занимаемой должности.

Выявлены нарушения в порядке формирования состава дисциплинарной комиссии: работодатели не включают в её состав уполномоченных лиц депутатов и представителей местного сообщества, наделённых правом рассматривать вопросы дисциплинарной ответственности избираемых административных государственных служащих.

Процедура досрочного снятия дисциплинарных взысканий нарушается, в частности, соответствующие решения принимаются на основании представлений от лиц, не обладающих полномочиями вносить такие представления. Кроме того, вопреки требованиям законодательства, обязывающим ознакомление служащих с актами о наложении взысканий и протоколами заседаний дисциплинарной комиссии, фиксируются случаи, когда данное требование не исполняется.

По результатам проведённого анализа приняты меры по устранению выявленных нарушений, а также отменены неправомерно изданные акты. Материалы анализа были рассмотрены на заседании Совета по этике, по итогам которого руководителям даны рекомендации по принятию исчерпывающих мер, направленных на недопущение подобных нарушений в дальнейшем.

Информация управления контроля в сфере государственной службы

АДАЛ ҚАЛАМ МЕН АРЛЫ ЖОЛДЫ ТАҢДАДЫМ 

Алдыңғы

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *