Қоғам

САЙРАМДА КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТІП, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Сайрам ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі жайында комиссия отырысы өтіп, онда аудан әкімі Арман Сабитов төрағалық етті.

Күн тәртібіне орай, алғаш аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаңабек Хамраев баяндама жасап, қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық көріністеріне, «нольдік» төзбеушілігін қалыптастыру бойынша ақпараттандыру бағытындағы атқарған жұмыстары туралы айтты. Осы тақырып аясында биылғы жылы аудандық газеттерде 15 мақала жарық көріп, «SAIRAM» телеарнасынан 6 бейнеролик трансляцияланған. Одан бөлек, тақырыптық баннерлер ілініп, LED экрандар арқылы көрсетілуде.
Ал, құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әлібжан Ибрагимов баяндады. Мысалы, Қарасу ауылындағы спорт кешенінің құрылысы мердігердің салғырттығынан кешігіп, бірнеше айыппұл салынған. Қазіргі таңда мердігер нысанды 2025 жылдың шілдесіне дейін толық аяқтауға міндеттеме алған. Сол сияқты инженерлік желілер құрылысы да бақылауда тұр.
«Сайрам аудандық мансап орталығының» басшысы Абылай Ахметов орталықтағы 55 қызметкердің қызметі тұрақты қадағаланатынын, ішкі талдау жүргізілетінін және тұрғындарға арналған ақпараттық жұмыстар жолға қойылғанын атап өтті. Қоғаммен кері байланыс үшін сенім жәшігі орнатылып, түсіндірме роликтер тұрақты көрсетіліп келеді.
Көлкент ауылдық округінің әкімі Уткиржон Юлдашов та өз округінде құқықтық сабақтар өтіп, тұрғындардан түскен өтініштердің басым бөлігі шешімін тапқанын баяндады.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы А.Сабитов тиісті бөлімдерге тұрғындармен қарым-қатынасты нығайтып, әдептілік пен сыпайылықты сақтауды және жұмысты сапалы әрі жүйелі жүргізуді тапсырды.
Одан бөлек, тұрғындармен байланыс барысында да жемқорлықтың кез-келген көрінісіне жол бермеу керектігін баса айтты. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында, мемлекеттік сатып алу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеу керектігіне ерекше тоқталды.

САЙРАМДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ПОРТУГАЛИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНДЕГІ СЕНІМДІ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *