Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін Қазығұрт ауданында “Заң мен тәртіп” апталығы аясында облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарының бірлескен бастамасымен жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері халыққа мемлекет тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қоғамдық қабылдау өтті.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген түрлі мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Әсіресе жер мәселесі, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құқықтық кеңес алу, кәсіпкерлікті дамыту, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және құқықтық көмек көрсету бойынша сұрақтар қойып, тиісті сала мамандарынан сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар мобильді топ мүшелері тұрғындарға заң аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті кеңестер берді.

ҚАЗЫҒҰРТ: АУЫЛ ЖОЛДАРЫНЫҢ САПАСЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Алдыңғы

Түркістан облысында Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жасқа толды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *