Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: «ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

Бүгін Қазығұрт ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ақпараттық-танымдық форум өтті.
Форумның мақсаты — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң және тәртіп» қағидасын қоғамда кеңінен насихаттау, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін күшейту, сондай-ақ қаржылық пирамидалар мен түрлі алаяқтық схемаларға қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру.
Ауқымды шараға аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді ақпараттық-насихат тобының мүшелері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының ұстаздары мен колледж студенттері, ардагерлер, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Форумды Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Медеуов ашып, қоғамда алаяқтық әрекеттердің алдын алу, халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Шара барысында №11 колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейірбек Шожықов пен аудандық криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Ережеп Бекжігіт және «Кемел Ел» қоғымдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Алимбеков баяндама жасап, қаржылық пирамида мен интернет алаяқтықтың кең таралуы, одан сақтану жолдары, сондай-ақ жеке деректердің қауіпсіздігі мен қаржыны басқару мәдениетінің маңыздылығы туралы нақты мысалдар келтіріп, қатысушыларға құнды ақпарат ұсынды.
Форум соңында қатысушылар спикерлерге өз сауалдарын қойып, еркін пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.

САРЫАҒАШ: ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Алдыңғы

САЙРАМ: ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *