Қоғам

ТҮЛКІБАСТА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің конференц залында аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сейсенбаевтың төрағалығымен «Заң мен тәртіп» қағидатын негізге алған мәжіліс жиыны өтті.
Жиынға дербес бөлім басшылары, полиция қызметкерлері және сала мамандары қатысты.
Басқосуда мемлекеттік қызметте заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру сынды мәселелер талқыланды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – қоғамдық-саяси ахуал жайы болды. Бұл тақырыпта аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рахымжан Алтынбеков баяндама жасап, ауданда тұрақты қоғамдық-саяси жағдайды сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.
Баяндамада діни тұрақтылық, жастармен жүргізілетін түсіндіру шаралары, ақпараттық-насихат жұмыстары мен азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылды.
Сонымен қатар, ішкі саясат саласында медиа кеңістікті тұрақты бақылау, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу, сондай-ақ халықпен кері байланысты нығайту бағытындағы бастамалар сөз болды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Шырынбаев сөз сөйлеп, саладағы соңғы 6 айда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Баяндамасында ол аудан аумағындағы жолдарды жөндеу, ауыз су жүйелерін жаңғырту, көшелерді жарықтандыру, елді мекендерді газдандыру, сондай-ақ көпқабатты үйлердің инженерлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, бірқатар елді мекендерде шешімін күтіп тұрған су, жарық және кәріз жүйесіне қатысты мәселелер де тілге тиек етіліп, оларды шешу үшін әзірленіп жатқан жобалар мен ұсыныстар айтылды.

ТҮЛКІБАСТА ТУРИЗМДІ САЛАСЫНДА ҚҰНЫ 2,3 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 3 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

Алдыңғы

ҚАЗЫҒҰРТ: АУЫЛ ЖОЛДАРЫНЫҢ САПАСЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *