Қоғам

ТҮЛКІБАСТА «ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Түлкібас ауданында өткен «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» форумынан кейін, «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында бекітілген апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қоғамға қызмет ету» бағыты бойынша тұрғындарды қабылдау ұйымдастырылды.
Аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен және құқық органдары мамандарының қатысуымен тұрғындарды жеке қабылдады.
Қабылдаудың басты мақсаты – тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап, оларға заң аясында нақты түсініктеме беру, сондай-ақ шешімін күткен сұрақтардың орындалуын жеделдету болды.
Іс-шараға аудандық прокуратура, полиция бөлімі, әділет басқармасы және басқа да құқық қорғау органдарының жауапты өкілдері қатысты.
Қабылдауға келген азаматтар жол, тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жер мәселелері, құқықтық кеңес сынды түрлі сұрақтармен жүгінді. Аудан басшысы әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, құзырлы органдар мамандарымен бірге мәселенің мән-жайын зерделеп, заң шеңберінде жауаптар берді.
Бірқатар өтініштер сол жерде оң шешімін тауып, тұрғындар ризашылығын білдірді. Ал, уақыт пен қосымша зерттеуді талап ететін мәселелер тиісті сала мамандарына тапсырылып, алдағы уақытта нақты шешу жолдары қарастырылатын болды.
Қоғамдық қабылдау – билік пен халық арасындағы ашық диалог орнатудың тиімді алаңы. Ауданымызда бұл формат жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді және тұрғындардың арыз-өтінішін орындауға өз септігін тигізуде.

ТҮЛКІБАСТА ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ АТТЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

Алдыңғы

ҚАЗЫҒҰРТ: АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *