Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтың «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерлету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі» апталық жоспарына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының ғимаратында 2025 жылдың 24 маусымында мемлекеттік органдардың ашықтығын көрсету мен халық қажеттіліктерін қанағаттандыру, заң шеңберінде тиісті уәкілетті органдар арқылы мәселелерді шешу және мемлекеттік қызметті көрсетуші жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты аудандық бөлімнің басшылары мен ауылдық округтің әкімдері, сонымен қатар аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатыстырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік және құпия режимді қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы С.Арыстанбаевтың баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар аудандық «Мансап орталығының» ғимаратында аудан тұрғындарына құқықтық көмек беру және мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша қоғамдық қабылдау өтті.
Аталған шараға Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімінің өкілдері және Мансап мобильді орталығының қызметкерлері, сонымен қатар аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары саласының жауапты қызметкерлері қатыстырылды.
Қабылдауда азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті сала мамандары жауап беріп, заңнамалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Comments