Қоғам

КЕЛЕС: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі қызметкерлері, ауыл және ауылдық округ әкімдері мен комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жұмысы және жекелеген отбасылардағы кәмелетке толмаған балалардың жағдайлары қаралды.
Білім бөлімінің мәліметінше, жазғы демалыс кезеңінде аудандағы мектептерден 16 мыңға жуық бала түрлі сауықтыру және демалыс шараларымен қамтылуда. Оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы балалар, аудандық полиция бөлімі және мектепішілік есепте тұрған оқушылар, қорғаншылықтағы балалар да жазғы лагерлерге тартылған.
Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынамалар таратылған.
Жетім және қамқоршылықтағы балаларды қолдау мақсатында ауданда 55 әлеуметтік педагог жұмыс істейді. Қазіргі таңда 48 бала қамқоршылық пен қорғаншылықта, олардың 38-і тұрғын үй кезегінде тұр. 4 бала патронаттық тәрбиеде. Комиссия отырысы қорытындысында тиісті тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.

Келес: Ынтымақ елді мекеніндегі инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 47 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *