Қоғам

КЕЛЕС: МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСТА АДАЛДЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев төрағалық етті.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. Атап айтқанда құрылыс саласындағы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен осы бағыттағы өзекті мәселелер.
Комиссия мүшелері құрылыс саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және бақылау тетіктерін күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қоғам үшін маңызды әрі өзекті тақырыптар бойынша қалыптастыру, олардың іске асырылуын жүйелі түрде бақылап отыру міндеті қойылды.
Отырыс барысында аудан әкімі Жәнібек Есенұлы әрбір мекеме басшысына өз салаларында заң талаптарын қатаң сақтай отырып жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты іс-қимыл шараларын жүзеге асыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы комиссия тарапынан қатаң бақылауда болатындығын жеткізді.

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АУЫЛ ӘКІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Алдыңғы

Келес: Ынтымақ елді мекеніндегі инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *