Жаңалықтар

НЫСАНДАР БАҚЫЛАУДА

«AMANAT» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы Г. Камамбаева және аудандық мәслихат депутаты Т. Жанысбек «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында салынып жатқан Қызылжар ауылындағы дәрігерлік амбулаториясына және Жол картасы аясында салынып жатқан газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізіп қайтты. Қызылжар дәрігерлік амбулаториясының құрылыс жұмыстарын НСК «MBM construction» ЖШС-і жүргізуде. Қазіргі таңда жылыту қондырғысы, кәріз, су жүйесі, жылыту оқшаулағыш қабат құрылғысы, металл есіктер орнату, шатыр, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, газ құбыры мен газ тарату желілерінің салу құрылыс жұмыстарын «ST. LTD» ЖШС-і жүргізуде. Қазіргі таңда мердігер ұйым жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес 20,4 шақырым газ құбырын және 4 ШГРП (шкафтың газ реттеу пункті) салды. Сондай-ақ, тапсырыс беруші мекеме мен мердігер ұйым арасында 2025 жылдың 22 қаңтарда нысанды қабылдап-алу актісі жасалынып заңдастыру жұмыстары әзірленуде. Бүгінде келісім шартқа сәйкес жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Мониторингтік топ мүшелері құрылысқа қатысты өз ұсыныстарын айтып, мердігерлерге келісім шартқа сәйкес алған міндеттемелерін уақытылы әрі сапалы орындау керектігін айтты.

Адал еңбек – адал табыс

Алдыңғы

🏆 Қазақстан Премьер-Лигасы | 14-Тур

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *