Басты ақпаратЖаңалықтарЭкономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

Түркістан облысы мен ҚХР-ң Туризм қауымдастығы туризмді дамыту бағытында өзара тиімді серіктестік орнатуға ниетті. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай делегациясы арасында өткен ресми кездесуде айтылды. Облыс басшысы Beijing Zhongxing Huizhi International Culture & Tourism Development Co., Ltd., Басқарушы директоры Сюнь Шаньхуамен кездесіп, екіжақты әріптестіктің келешегіне кеңінен тоқталды.
Басқосу барысында тараптар өңірдің туристік әлеуетін көтеру, инвестициялық жобаларды іске асыру және мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту мәселелерін талқылады.
Қытай делегациясы сапар барысында өңірдегі тарихи кешендері мен заманауи туристік нысандарды аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму деңгейіне оң пікір білдірді. Түркістан өңірінің тарихи-мәдени құндылықтарына жоғары баға беріп, серіктестікке қызығушылық танытты.
Қазіргі таңда Түркістан облысы Қазақстандағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретінде танылып келеді. Өңірге келген туристер саны жыл санап артып, бір күндік келушілер саны 1 миллионға жуықтады. Мұндай көрсеткіштер туризмді облыс экономикасының жаңа драйверіне айналдыру мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі екені анық.
Тараптар кездесудің қорытындысы бойынша ынтымақтастықты тереңдету жөнінде келісімге келіп, алдағы уақытта нақты жобалар бойынша жұмыс істеуге уағдаласты.

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *