23 маусымда «Көкшетау» мәдениет сарайының қабырғасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара дәстүр бойынша жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімінен басталды.
Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев құттықтады.
«Бүгінгі таңда біз ашықтықтың, сервистіліктің, ұтқырлық пен клиентке бағдарланудың жаңа деңгейіне жетіп, цифрлы әрі бюрократиядан алшақ жүйеге көшіп келеміз. Осындай маңызды реформалардың алдыңғы шебінде жұмыс істейтін — қатардағы мемлекеттік қызметшілер, өйткені олар реформаларды іс жүзінде жүзеге асырып, қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істейді, заңнамалық өзгерістердің, әкімшілік реформалардың және стратегиялық бастамалардың нақты орындалуына жауап береді, мемлекеттік қызметке жүктелетін міндеттердің ең ауқымды әрі жауапты бөлігін іске асырады» — деп, Думан Әбілев өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.
Бірқатар мемлекеттік қызметшілер өңірдің мемлекеттік қызметін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, өз сөзінде әрбір мемлекеттік қызметші адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, адамға бағдарлану сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс екенін атап өтті.
Салтанатты іс — шара барысында бірқатар мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтегі көп жылғы мінсіз қызметі үшін ведомстволық наградалармен – «Мемлекеттік қызмет ардагері» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, әкім бірқатар мемлекеттік қызметшілерді үлгілі мемлекеттік қызметі үшін алғыс хаттармен марапаттап, олардың ел игілігі жолындағы күнделікті еңбектері үшін алғысын білдірді.
Жалпы, іс-шараға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік қызмет ардагерлері және қоғам өкілдері қатысты. Іс-шараның екінші бөлігінде концерттік бағдарлама өтті.
Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында Департаменттің бастамасымен дәстүр бойынша бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өту қажет. Мысалы, волонтерлік қызмет шеңберіндегі қайырымдылық іс-шаралар, мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде облыс аудандары мен қалаларының қызметшілері арасындағы челлендждер, сондай-ақ «Үздік қызмет көрсетуші» байқауы ұйымдастырылды.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі
В Акмолинской области награждены государственные служащие
23 июня в стенах Дворца культуры «Кокшетау» состоялось торжественное мероприятие, посвященное празднованию Дня государственного служащего Республики Казахстан. Началось мероприятие по традиции — с церемонии принятия присяги молодыми государственными служащими.
С поздравительной речью выступил руководитель Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области Думан Абилев.
«Сегодня мы достигаем нового уровня открытости, сервисности, мобильности и клиентоориентированности, переходим на цифровую и удаленную от бюрократии систему. На передовой этих важнейших реформ — рядовые государственные служащие. Именно они воплощают перемены в жизнь, работают в тесной связи с обществом, обеспечивают реализацию законодательных изменений, административных преобразований и стратегических инициатив. На них ложится самая ответственная и крупная часть задач, стоящих перед государственной службой» — отметил в своей поздравительной речи Думан Абилев.
Ряд государственных служащих были поощрены благодарственными письмами руководителя Департамента за личный вклад в развитие государственной службы региона.
С профессиональным праздником присутствующих поздравил аким Акмолинской области Марат Ахметжанов, который в своем выступлении подчеркнул – каждый государственный служащий должен обладать такими качествами, как честность, справедливость, открытость, вежливость, ориентация на человека.
В ходе торжественного мероприятия за многолетний безупречный труд ряд государственных служащих были награждены ведомственными наградами — нагрудными знаками «Мемлекеттік қызмет ардагері» и «Үздік мемлекеттік қызметші». Также аким наградил ряд отличившихся государственных служащих за образцовую государственную службу благодарственными письмами и выразил признательность за их каждодневный труд во благо страны.
В мероприятии приняли участие государственные служащие всех государственных органов, ветераны государственной службы и представители гражданского общества. Во второй части мероприятия прошла концертная программа.
Необходимо отметить, что в рамках празднования Дня государственного служащего по инициативе Департамента по традиции организован ряд значимых мероприятий. К примеру, благотворительные мероприятия в рамках волонтёрской деятельности, культурные и спортивно-массовые мероприятия, в том числе челленджи среди служащих районов и городов области, а также конкурс «Лучший услугодатель».
Жазира Сейтмаганбетова, официальный представитель Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области
Comments