ЖаңалықтарСпорт

Жетісудың жеңісті рухы – Өскемен төрінде!

10-17 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында дәстүрлі республикалық спартакиада өтті. Бұл байрақты бәсекеде әр өңірдің таңдаулы мамандары спорттық сайыстарда бақ сынасып, шынайы шеберлік пен рух биігін танытты.

Жетісу облысының намысын қорғаған құрама команда сапында Қаратал ауданынан шыққан қайратты азаматтар да бар еді. Атап айтқанда, Тоғызқұмалақ ойынында – Қаратал аудан әкімінің орынбасары Оңғаров Айбек Нұрғазыұлы, арқан тарту сайысында – Елтай ауылдық округінің әкімі Зәбиев Әділбек Қазыбекұлы мен Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Алижанова Анель Рашидқызы ел намысын абыроймен қорғады.

Әсіресе, халқымыздың рухани мұрасы саналатын Тоғызқұмалақтан жекелей жарыста ерекше ойын өрнегін көрсетіп, алтыннан алқа таққан Оңғаров Айбек Нұрғазыұлының жеңісі – өңір мақтанышы. Оның бұл жетістігі – тек дара ойыншының емес, тұтас Жетісу жұртының мәртебесін асқақтатқан жеңіс. Саналы оймен, салмақты есеппен өрілген бұл күрделі ойын Айбек мырзаның терең білімін, табандылығын және ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсетті.

Олар тек спорттық жарысқа қатысқан жоқ, олар Жетісудың биік рухын, ұйымшылдығын, қайсарлығын паш етті. Осындай азаматтар барда, Жетісу өңірінің абыройы әрдайым биіктен көрінері анық!

ҚОБЛАНДЫ АБЕНОВ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Алдыңғы

АЯЛДАМАЛАРҒА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *