Көшпелі кездесулер аясында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесті. Алтын Орда, Қайтпас және Таскен шағын аудандарының тұрғындары өзекті мәселелерді жеткізіп, ұсыныстарын білдірді.
Бүгінде жаңа тұрғын үй алаптарында әлеуметтік нысандар қажеттілігі туындап отыр. Азаматтар полиция пункті, Мәдениет үйі, мектеп құрылысын қолға алу бойынша талап-тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, ирригациялық жүйелер орнату, балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру мәселелері де көтерілді.
Жергілікті халық жолдарды асфальттеу, көшелерді жарықтандыру, азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру, автомобиль тұрақтарын салу және қоғамдық көлік жұмысын жақсарту жәйттеріне де назар аударды.
Сонымен қатар шағын және орта бизнес нысандарының жұмыс істеуіне, білім беру мекемелерін жөндеуге, көшелерді көгалдандыруға және үй маңындағы аумақтарды абаттандыруға қатысты ұсыныстар да қамтылды.
Мегаполис басшысы аудан әкіміне және тиісті басқармалардың басшыларына кездесу барысында айтылған өтініштерді жан-жақты қарастыруды тапсырды. Күрделі мәселелерді зерделеп, халықпен кері байланыс жасауды ескертті.
ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Comments