Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

🔷 Көшпелі кездесу аясында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданының тұрғындарымен жүздесті. Басқосуға «Исфиджаб», «Азат», «Орманшы», «Қаратөбе», «Еламан» тұрғын алаптары мен К. Цеткин көшесінің тұрғындары қатысты.
🔷 Тұрғындар коммуналдық қызметтердің жұмысы, интернет пен мобильді байланыс сапасын көтеру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту — соның ішінде электр трансформаторларын, су құбырларын және ирригациялық лотоктарды ауыстыру мәселелерін көтерді.
🔷 Сондай-ақ емхана, спорт кешені, балалар және спорт алаңшаларын салу, жасыл желекті суару, көшелерді кеңейту мен абаттандыру туралы ұсыныстар айтылды. Шалғай көшелерді асфальттау және жарықтандыру, қоғамдық көлік бағытын ұзарту, экологиялық жағдайды жақсарту, қаңғыбас жануарларды ұстау проблемаларына да айрықша назар аударылды.
🔷 Шаһар басшысы көтерілген өтініштер бойынша түсініктеме беріп, бірқатар мәселе жөнінде тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Аудан әкіміне тұрғындармен жұмысты жандандыру және көтерілген мәселелерді шешу кезінде тұрақты кері байланыс орнатуды тапсырды.

ЕҢБЕГІМЕН АБЫРОЙ ЖИНАҒАН ДӘРІГЕР

Алдыңғы

КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *