Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «АҚЫЛДЫ АНА – САНАЛЫ БАЛА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Ақылды ана – саналы бала» байқауы өтті.
Аталған байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» жобасын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бірлікті бекемдеген байқауға Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан 35-55 жас аралығындағы этнос өкілдері аналары мен 7-15 жас аралығындағы балалардың қатысуымен өтті. Байқау үміткерлері III кезеңнен тұратын номинация бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңде қатысушы жұп өзін таныстырса, екінші кезеңде ана мен бала өз өнерін көрсетті. Өз өнерінде баланың бос уақытты тиімді пайдалануы және қоғамдық, мәдени шараларға, мәселен, ән, би, сурет, қолөнер, спорт түрлеріне қатысуы назарға алынды. Ал үшінші кезеңде қатысушылар қоғамның бес кеселін (нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдықты) болдырмау, оның алдын алу бойынша қойылым көрсетті.
Үздіктердің басын қосқан өнерлілер сайысында әділ қазылар қатарында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Ерназар Баетов, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры Бекжігіт Сердәлі болды.
Қазылар алқасы қатысушылардың отбасы құндылықтарын насихаттау барысында шығармашылық және сахналық мәдениетіне, ана мен баланың үйлесімділігіне, үміткердің өзін ұстау мәдениетіне, сондай-ақ көшбасшылық қасиетіне, киіміне назар аударды.
Іс-шара соңында байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

КЕЛЕС: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ҰЛТТЫҚ САНАҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БАСТАҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *