Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Этносаралық келісімді бекітудің саяси-құқықтық аспектілері және ықтимал текетірес жағдайларды шешу жөніндегі өзара қарым-қатынас» тақырыбында семинар өтті.
​ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысы прокуратурасы, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы бірлесе ұйымдастырған семинарда этносаралық қарым-қатынастарды реттеудегі құқықтық негіздерді талқылау, туындауы мүмкін келіспеушіліктердің алдын алу және бейбіт жолмен шешу жолдары айтылды.
​Семинарға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі Мұрат Қожабаев, Түркістан облысы прокуратурасының басқарма аға прокуроры Заман Зұлпыхаров және облыстық ҚХА жанындағы құрылым жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері қатысты.
Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов жүргізіп отырды. Басқарма басшысының орынбасары бүгінгі семинардың мақсаты – этносаралық қатынастардағы құқықтық нормаларды, түрлі шиеленістердің алдын алу жолдарын, медиация және қоғамдық келісім тәжірибелерін талқылап, нақты ұсыныстар әзірлейтінін атап өтті.
Семинарда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің басшысы Қайрат Анарбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Сәкен Мәжінбеков, кәсіби медиатор Гүлжан Қожахметова қоғамдық келісімді нығайту бағытында мазмұнды ойларымен, пайдалы тәжірибесімен бөлісті.
Жиынға қатысушылар семинарда пікір алмасып, ойларын ортаға салды.
Семинарды қорытындылаған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары жиында көтерілген өзекті мәселелер назарға алынатынын жеткізіп, ел бірлігін нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

ВВП Казахстана за январь–май 2025 г. вырос на 6%

Алдыңғы

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІ ҰШТАСТЫРҒАН ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *