Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА НӘЛЖІГІТ ТАҢАТБЕКҰЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ӘҢГІМЕЛЕР ЖИНАҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында жас қаламгер Нәлжігіт Таңатбекұлының «Алғашқы атқан таңдарым» атты алғашқы әңгімелер жинағының таныстырылым кеші өтті. Шығармашылық кешке кітапхана оқырмандары, жас әдебиетсүйер қауым мен қаламгердің жақын достары қатысты.
Кеш шымылдығы автор жайлы дайындалған бейнежазбамен ашылып, Нәлжігіт Таңатбекұлының шығармашылық жолы мен алғашқы туындысы туралы жан-жақты мағлұматтар ұсынылды.
Шара барысында автор оқырмандармен ашық сұхбат құрып, әдебиетке келуіне себеп болған тұлғалар, жазу барысындағы қызықты сәттер мен қиындықтар жайында әңгімеледі. Сонымен қатар қаламгердің балалық шағындағы достары да естеліктерімен бөлісіп, оған жүрекжарды тілектерін білдірді.
Кеш қонақтарының қатарында «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалы төрағасы Жансерік Бауыржанұлы және «Шапағат» мүмкіндігі шектеулі азаматтар қауымдастығының төрағасы Еркінбай Керімбайұлы болды. Олар жас қаламгерге шығармашылық табыс пен жарқын болашақ тіледі.
Шара барысында шырқалған әсем әндер кештің көркем атмосферасын толықтырып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Кеш әдебиет пен өнерді бағалайтын қауым үшін шабыт көзіне айналып, жас қаламгердің алғашқы қадамына қолдау білдірген маңызды оқиға болды.
Айта кетейік, шара соңында кітапхана директорының орынбасары Байжігітова Шахмира Байжігітова сөз сөйлеп, авторға алғысын білдіріп, кітапхана директоры атынан алғыс хат табыстады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЖАН

Алдыңғы

QAZALPACK — ПЕРВЫЙ И ЕДИНСТВЕННЫЙ ЗАВОД В ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ ПО ПРОИЗВОДСТВУ АЛЮМИНИЕВОЙ БАНОЧНОЙ УПАКОВКИ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *