Қоғам

ЖАСТАР, ӘЛЕУМЕТ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте жастар саясаты, әлеуметтік қолдау және білім беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасалынды. Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаңабек Хамраев мемлекеттік жастар саясаты аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар жөнінде мәлімдеді. Қазіргі таңда аудандағы жастар саны 77 мыңнан асып, халықтың 32 пайзын құрайды. Оның ішінде NEET санатындағы 3800-ден астам жаспен нақты жұмыстар жүргізіліп, олардың бірқатары жұмыспен қамтылып, әлеуметтік жобаларға тартылған. Жастарды жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікке баулу және тәрбиелік түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді.
Мәжілісте аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Сарыбеков атаулы әлеуметтік көмек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету, оңалту мен жұмыспен қамту бағытында орындалып жатқан жұмыстар бойынша баяндады. Аудан бойынша 790 отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылып, 722-сіне нақты төлем жасалған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сұранысы мен қажеттіліктерін өтеу мақсатында инфрақұрылым мен қызмет сапасын арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Ал, білім беру саласына қатысты, оның ішінде ҰБТ-ға дайындық барысы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Фарида Оспанова хабарлады. 2024-2025 оқу жылында 4081 оқушы мектеп бітірсе, 241 түлек «Алтын белгіге», 379-ы «Үздік аттестатқа» үміткер. 2552 оқушы ҰБТ-ға тіркеліп, білімін сынауға дайындалуда. Түлектердің басым бөлігі қазақ тілінде тест тапсырады. Бес пәннен тұратын кешенді тестілеуде шекті баллдар нақты белгіленіп, әр оқушының нәтижесі жүйелі бағаланатын болады.
Мәжіліс соңында салалық бөлім басшыларына жауапкершілікті күшейтіп, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды, жастармен және әлеуметтік топтармен жұмысты жандандыру тапсырылды.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БАСТАҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Алдыңғы

Егіс науқаны – 2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *