Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінің міндеттерінің бірі — тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі шараларды тұжырымдау.
Бәрімізге мәлім, Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 13 сәуірде Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы № 872 Жарлығы қабылданған.
Аталған Жарлықта белгіленген мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру және бюрократиялық рәсімдерді еңсеру жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында, 2022 жылдан бастап Департамент тарапынан өңірлік деңгейде мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделей отырып, мониторинг пен талдау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл атқарылып жатқан қызметте көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың қайталанатын және артық міндеттерін, функцияларын; артық, шектен тыс, негізсіз талаптарды және (немесе) шығындарды; алдамшы, жалған және негізсіз, оның ішінде әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты қызметті; құқықтық актілердің, ақпараттық жүйелер мен ресурстардың, сондай-ақ басқарушылық қызметтегі олқылықтардың орнын толтыруға және кемшіліктерін жетілдірудегі кедергілерді жою жөніндегі міндеттер қойылып отыр.
Кедергілерді анықтау кезең-кезеңімен жеке дара тақырыптық бөліністерге сәйкес жүргізіліп келе жатыр.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Емтихандар қабылдау жәнежүргізуші куәліктерін беру» қағидасының 75-1-тармағына сәйкес, автоматтандырылған автодром болмаған және оның ақауы болған, көлік құралы болмаған не оның ақауы болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның білім беру мекемелерінде жергілікті әскери басқару органдарының жолдамалары бойынша «С», «D» санаттарындағы және «С1», «D1» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқыған азаматтар үшін оларды одан әрі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында жүргізуші құрамының лауазымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру үшін практикалық емтиханды емтихан комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) қабылдайтыны белгіленген.
Осыған сәйкес, облыс орталығы болып табылатын Түркістан қаласында комиссия тобы құрылған.
Алайда жүгінген кандидаттардың басым көпшілігі Түркістан облысының өзге аудандарынан да келеді.
Мәселен, Сарыағаш ауданымен Түркістан қаласының арасы
280 км шақырым екендігін ескерсек, үміткердің келіп-кетуі, емтихан кезегін күтуі бір шама ұзақ уақытты алуына байланысты жүргізуші куәлігін алу келесі жұмыс күніне дейін қалып кетуі, елеулі наразылық туындатуда.
Осыған орай Департаментпен облыс орталығынан алшақ орналасқан әкімшілік аумақта практикалық емтиханды қабылдайтын Комиссия құру бойынша арнайы ұсыныс әзірленіп, Агенттікке жолданған.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығы мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін бағалау, оның ішінде бюрократия мен
әуре-сарсаңның белгілерін анықтау мен азайтуға бағытталған.
А.НАУРЫЗБАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

ОТБАСЫ ЖАҒДАЙЫ – КОМИССИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

Алдыңғы

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 33,8 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *