Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Ашим Елеусизовтың төрағалығымен жиын өтіп, күн тәртібінде жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштердің қаралу барысы талданды.
Жиында аудан әкімі аппараты Әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы Мұхтар Айдарқұлов «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілген жұмыстардың барысын баяндап өтті. Баяндамашының айтуынша 2025 жылдың 5 айында мемлекеттік мекемелердегі жауапты қызметкерлермен тұрақты түрде құқықтық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ауыл округі әкімі аппараттарының қызметкерлері 3 күндік тағылымдамадан өтті.
Жиында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен міндеттері бойынша бірқатар бағыттар, баптаулар және функциялық қызметтермен жұмыс істеу көрсетіліп, жауапты қызметкерлерге нұсқаулықтар берілді.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Асхат Әмірхан Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне жолданымдарды қарау барысында басты назарға алынуы тиіс заң талаптарын түсіндірді.
Кездесуді қорытындылаған Ашим Қабланұлы әрбір өтініш мерзімінде орындалуын, орындау барысында қолданыстағы заң талаптары қатаң сақталуы керектігін ескертіп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Comments