Бүгін Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияздың төрағалығымен аудандық спорт саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға арналған семинар кеңес өтті.
Күн тәртібінде аудандағы спорт ғимараттарының жағдайы, спорт саласындағы нысаналы индикаторлар көрсеткіші, спорттық Федерацияларды ашу және бекіту жайындағы алда атқарылатын жұмыс жоспарлары, спорттық шеберлік сағаттарын өткізу, «Damu Bala» мемлекеттік бағдарламасын спорт саласы бойынша түсіндіру жұмыстары зерделенді.
Сонымен қатар түрлі әлемдік және отандық ареналарда ауданымыздың атын асқақтатып жүрген бірқатар спорт саңлақтары, атап айтқанда: Спорт ардагерлері: Еркін күрестен КСРО және ҚР чемпионатының жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері, шәкірттері еркін күрестен Азия, Әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері атанған Андақұл Хамитдин Орынбекұлы; Қазақ күрес, самбо және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше мәрте абсолютті жеңімпазы, самбодан ардагерлер арасында Азия, Әлем чемпионатының жеңімпазы, шәкірттері ҚР еңбегі сінген жаттықтырушы, спорт қайраткері, Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпазы мен жүлдегері атанған Момынұлы Ұлас.
Сондай-ақ шәкірттері аралас жекпе жектен (спорттың 4 түрінен панкратион, грэпплинг, ММА, джиу-джитсу) ҚР, Азия, Әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері атанған Махамбетов Ержан Жалгасбекович; Шәкірттері дзюдодан облыс, ҚР чемпионаты, Республикалық, Халықаралық турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлері атанған. Өз қаражаты есебінен 35 млн. теңгеге «Шың» дзюдо спорт залын ашқан Аязбай Шыңғыс Бекайдарұлы; Шәкірттері дзюдодан облыс, ҚР чемпионаты, Республикалық, Халықаралық турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлері атанған Шиникулов Ернур Кайсарович; Джиу-джитсудан ҚР 7 дүркін, Азияның 6 дүркін, Әлем чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы, Джиу-джитсудан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Самбодан ҚР 8 дүркін, Азияның 7 дүркін, Әлем чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы, Самбодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Жауынгерлік самбодан Әлем кубогінің жеңімпазы, белбеу күрес және дзюдодан ҚР чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы және спорт шебері Бизақ Маржан Мұратқызы сынды әлемдік деңгейдегі спорт шеберлері марапатталды.
Comments