Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.
Атап айтқанда, Департаментпен «Е-лицензия» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерге заңнаманың сақталуына сыртқы байқау жүргізілді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.
«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына (ҚР АШМ 01.10.2020ж. № 301 бұйрық) сәйкес, қызмет беруші 12 жұмыс күні ішінде жер комиссиясының қорытындысын (оң немесе теріс) ұсыну қажет.
Сыртқы байқау нәтижесінде анықталғандай, мемлекеттік орган тарапынан 44 қызмет алушының өтініштеріне 2 айға жуық мерзімде жер комиссиясының қорытындысы ұсынылмаған.
Айта кету қажет, лауазым иелерінің азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сапасыз ұсынуы, мерзімінде ұсынбауы, негізсіз бас тартуы, әуре-сарсаңға салуы, олардың мемлекеттік ұйымдар мен қызмет көрсетуші мекемелерге деген сенімсіздігін тудыруы мүмкін.
Осы орайда, әр азаматқа мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңнамаларға сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі біздің басты мақсатымыз болып табылады.
Анықталған бұзушылықтар бойынша аумақтық департамент тарапынан ден қою шаралары нәтижесімен азаматтардың өтініштеріне жер комиссиясының қорытындылары беріліп, қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді және кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өз кезегінде, бұл құжат азаматтарға жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге немесе сот органдарына шағыммен жүгінуге қажет.
Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Жаңа қала ықшам ауданы 32 көше, 16 ғимарат мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ
Comments