Жаңалықтар

Ақ халатты жандарға жасалған құрмет — адамзатқа жасалған тағзым

Бүгін Қаратал аудандық тарихи-өлкетану мұражайында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Елімізде маусым айының әр үшінші жексенбісі дәстүрлі түрде медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтіледі.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Чамренов Мақсат Бейсбекұлы мен «AMANAT» партиясының Қаратал аудандық филиалының төрағасы Тасыбаев Руслан Шоғалұлы медицина саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген ақ халатты жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Салтанатты жиында медицина саласының үздіктері арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, бірқатар мамандарға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі мен «Үздік медициналық қызметкер» номинациясы табысталды. Сонымен қатар, Жетісу облысы әкімінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Қаратал ауданы әкімінің және «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек пен аудандық филиал төрағасының Алғыс хаттары табысталды.

Медицина саласының өкілдеріне көрсетілген бұл құрмет – олардың адам өмірі мен денсаулығын сақтау жолындағы адал еңбектерінің жоғары бағалануының дәлелі.

Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласып, жылы атмосферада аяқталды..

Қобланды АБЕНОВ

ЛУЧШИЕ ТОВАРЫ РЕГИОНА ПРЕДСТАВЛЕНЫ ПУБЛИКЕ

Алдыңғы

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰСТАЗ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *