Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА АНСАМБЛЬДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қазығұрт ауданында «Сазды әуен мен сырлы үн» атты вокалды-аспапты ансамбльдердің облыстық байқауы жоғары деңгейде өтті. Шараға Түркістан облысының әр ауданынан келген 11 өнер ұжымы қатысып, кәсіби шеберліктері мен орындаушылық деңгейлерін ортаға салды.
Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде қазақ композиторларының шығармаларынан бір туынды орындаса, екінші кезеңде еркін тақырыпта композиция ұсынды. Бұл – қатысушылардың жан-жақтылығын, көркемдік-бейнелеу мүмкіндігін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.
Салтанатты шараны Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ашып беріп, қатысушы ұжымдарға сәттілік тілеп, өнер додасының маңыздылығына тоқталды.
Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде «Қазығұрт band» вокалды-аспапты ансамбліне (Қазығұрт ауданы) бұйырды.
1-орынды «Фараб» вокалды-аспапты ансамблі (Отырар ауданы), 2-орынды «Сарыағаш» вокалды-аспапты ансамблі (Сарыағаш ауданы), 3-орынды «Арай» вокалды-аспапты ансамблі (Ордабасы ауданы), «ART-MUZIC» вокалды-аспапты ансамблі (Түлкібас ауданы) иеленді.
Шара соңында жеңімпаз ұжымдарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Бұл байқау облыс көлеміндегі өнерпаз ұжымдардың шығармашылық әлеуетін арттырып, жаңа есімдердің танылуына жол ашты.

ТҮРКІСТАНДА «TMDT LIVE» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Алдыңғы

ҚЫТАЙ САПАРЫ: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БАСТАҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ІРІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА БОЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *