Жаңалықтар

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ – САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТУ

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету – қаланың инфрақұрылымдық дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Қазіргі таңда қала аумағындағы 81 елді мекен толық электр қуатымен қамтылған. Жалпы, Шымкент қаласында 6 917 шақырым электр желісі, 45 қосалқы станса және 2 434 дана трансформаторлық жабдық жұмыс істеп тұр.
Қаладағы жоғары кернеулі қосалқы стансалар кезең-кезеңімен жаңғыртылып, электр желілері жаңартылуда. Бұл жұмыстар электрмен жабдықтау сенімділігін арттырып, тұтынушыларды сапалы электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді.
2024 жылы қала аумағында 8 энергетикалық нысанның құрылысы жүргізілді.
Жыл қорытындысы бойынша 3 нысанның құрылысы аяқталып, нәтижесінде 14,7 мың адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды.
Бұдан бөлек, жеке инвестициялар есебінен қуаттылығы 36 МВт болатын қосалқы станса іске қосылды.
2025 жылы құрылыс жұмыстары жалғасатын өтпелі 8 нысан бар. Олар — Ақжар, Бадам, Тұран, Құрсай, Тұран-Қайтпас-1, Сайрам, Ақжайық (көпқабатты үйлерге арналған жүйе).
Сонымен қатар, биыл жаңадан бой көтеріп жатқан Қайнарбұлақ, Қызылжар-2 және Азат тұрғын алаптарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында тиісті қаржы бөлініп, сәуір айында құрылыс жұмыстары басталды.
Қаланың даму жоспарына сәйкес, алдағы жылдары 7 жаңа қосалқы стансаның құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Олар:
• Қызылсу 220 кВ,
• Тұран 110 кВ,
• Шымсити 110 кВ,
• Жұлдыз 220 кВ,
• ТЛЦ-2 110 кВ,
• Ынтымақ 110 кВ,
• ИЗ Бозарық-2 110 кВ.
Қазіргі уақытта қаладағы кейбір электр желілерінің тозу деңгейі 57%-ды құрайды. Осыған байланысты 2025 жылы:
• 90,5 км электр желісі,
• 33 дана трансформатор,
• 4 қосалқы станса жаңғыртылып,
• қосымша 3 км ВЛ-35кВ желісі салынады.
Бұл шаралар тозу деңгейін 56,4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында қазіргі заманғы технологиялар қолданылып, желілердің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында да жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Шымкенттің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

ОДНО ИЗ ПРИОРИТЕТНЫХ НАПРАВЛЕНИЙ В РАЗВИТИИ ИНФРАСТРУКТУРЫ — ОБЕСПЕЧЕНИЕ КАЧЕСТВЕННОЙ ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЕЙ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *