ӘлеуметЖаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Созақ ауданындағы Жартытөбе ауылында балаларды қорғау күніне орай баскетбол алаңы, балалар ойын алаңшасы мен «Street workout» спорттық жаттығу алаңы ел игілігіне берілді. Аталған нысандар өткен жылы облыс көлемінде өткізілген «Үлгілі ауыл» байқауы нәтижесінде Жартытөбе ауылының жүлделі орынға ие болуына байланысты облыстық бюджет есебінен салынған. Бұл бастама ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен және жаңа нысандардың ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, аудандағы спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен айтып өтті. Жаңа нысандар балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Алдыңғы

Жазғы кезең қарсаңында қауіпсіздік сабақтары өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *