ӘлеуметҚоғам

ИНФОРМАТИКА КЕЗ-КЕЛГЕН МАМАНДЫҚТЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Иманбекова Оразгүл Шаукенқызы — «Информатика» пәнінің мұғалімі. Ол Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде 2001 жылдан бастап ұстаздық қызметін атқаруда. Бүгінде педагог-зерттеуші санатындағы мұғалім.

Информатика мұғалімі – ХХІ ғасырдың мамандығы. Қазіргі балалар ерте жастан бастап компьютермен өскенімен, олар информатика негіздерінің не екенін түсіне бермейді. Олар компьютердің не екенін мектеп қабырғасына келгенде ғана толық түсіне бастайды. Ал информатика мұғалімдері эрудициясымен, қызығушылығымен, ұтымдылығымен, аналитикалық ойлау қабілетімен ерекшеленеді. Сондай мамандардың бірі деп Оразгүл Шаукенқызын айтуға болады.

Ол– өзінің біліктілігі мен білім деңгейін үнемі жетілдіре отырып, өзгерістерге бейімделе алатын білімді маман, өйткені ғылым бір орында тұрмайды және үнемі дамып отырады. Заманауи мұғалім сабақтарында озық технологияларды қолдануға тырысады, оқушыларға мәтінді, кестелерді, суреттерді өңдеуге арналған бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын үйретеді, бағдарламалау негіздерін зерттеп білуіне көмектеседі. Оқушылар өз өмірінің көп бөлігін мектеп қабырғасында өткізеді, сол себепті Оразгүл Шаукенқызы балалар үшін тек педагог емес, сонымен қатар дос, көмекші, психолог, кеңесші болып жүр.

#ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ #ЕҢБЕК_АДАМЫ_2025

В Казахстане запускается пилотный проект единого ваучера на спорт, творчество и дополнительное образование

Алдыңғы

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *