Жастар саясаты

Мемлекеттік жас мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет ардагерлерімен жүздесті

Мемлекеттік қызметтегі ұрпақтар сабақтастығы – мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Бұл сабақтастық тәжірибенің, білімнің және кәсіби дағдылардың үздіксіз жаңа буынға өтуін қамтамасыз етеді.

Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында, 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің және мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен диалогтық алаң ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, іс-шараға Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері, мемлекеттік қызмет ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Марат Құлмағамбетов, мемлекеттік қызмет ардагері, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының және «Құрмет» орденінің иегері, Ақмола облысы «Демалыс және туризм индустриясының ассоциациясы» ЗТБ президенті, ҚР туризмінің құрметті қызметкері, профессор, академик Шынарбек Батырханов, ҚР Әділет органдарының құрметті қызметкері, мемлекеттік қызметтің ардагері Павел Трищ.

Кездесуді аша отырып, Департамент басшысы, Тәлімгерлер кеңесінің тең құқылы төрағасы Думан Әбілев қоғамның үздіксіз дамуының шарты болып табылатын, ең маңызды және өмірлік қажетті құндылықтарды, аға буыннан жинақталған көп жылдық тәжірибені қызметкерлердің жас буынына дарытуға көмектесетін іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Марат Құлмағамбетов жастарға жылы лебізін білдіріп, олардың ел игілігі жолындағы еңбегіне сенім артып, жауапкершілік пен адалдықты ұстануға шақырды. Ол жас буынның мемлекет дамуына қосатын үлесі зор екенін атап өтіп, ізгі ниеті мен ақыл-кеңесін жеткізді. Шынарбек Батырханов өз сөзінде кәсіпқойлық, бәсекеге қабілеттілік, ашықтық, патриотизм, өз ісіне деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттер қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшінің маңызды бағдары болып табылатынын атап өтті. Павел Трищ өзінің шығарған өлең жолдарымен бөлісіп, жастарды адалдықпен қызмет етуге ынталандырды.

Кездесу барысында жас мамандар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қатысушылар арасында сындарлы диалог өтті. Ардагерлер мемлекеттік қызметті не себепті таңдағаны, мемлекеттік қызметшінің бойында болуы тиісті маңызды қасиеттер туралы айтып, мемлекеттік қызметтегі қызықты оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісті.

Іс-шараның соңында Думан Әбілев ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметтің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі, тәлімгерлік қызметі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін мемлекеттік қызмет ардагерлеріне алғыс хаттар табыстады.

 

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

Молодые государственные служащие встретились с ветеранами государственной службы

 

Преемственность поколений на государственной службе — один из важнейших факторов, обеспечивающих стабильность и эффективность системы государственного управления. Преемственность обеспечивает непрерывный переход опыта, знаний и профессиональных навыков в новое поколение.

В целях обеспечения преемственности поколений, в преддверии 23 июня — Дня государственных служащих по инициативе Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Акмолинской области была организована диалоговая площадка с участием ветеранов государственной службы и молодых государственных служащих, впервые поступивших на государственную службу.

В частности, в мероприятии приняли участие члены Совета наставников, ветеран государственной службы, кавалер ордена «Құрмет», почетный гражданин города Кокшетау Марат Кульмагамбетов, ветеран государственной службы, обладатель государственной награды «Ерен еңбегі үшін», кавалер ордена «Құрмет», президент ОЮЛ «Ассоциация индустрии отдыха и туризма Акмолинской области», почетный работник туризма РК, профессор, академик Шынарбек Батырханов, почетный работник органов юстиции РК, ветеран государственной службы Павел Трищ.

Открывая встречу, руководитель Департамента, сопредседатель Совета наставников Думан Абилев обозначил важность таких встреч, которые являются условием непрерывного развития общества, помогают передавать самые важные и жизненно необходимые ценности, накопленный многолетний опыт от старшего поколения молодым служащим.

Марат Кульмагамбетов тепло поблагодарил молодежь, призвал их верить в свой труд на благо страны, быть ответственными и честными. Он отметил большой вклад молодого поколения в развитие государства и поделился добрыми наставлениями. В своем выступлении Шынарбек Батырханов отметил, что важнейшими ориентирами современного государственного служащего являются такие качества, как профессионализм, конкурентоспособность, открытость, патриотизм, любовь к своему делу. Павел Трищ поделился стихотворениями собственного сочинения и призвал молодежь служить Родине с честью.

В ходе встречи молодые специалисты задали волнующие их вопросы, состоялся конструктивный диалог между участниками. Ветераны рассказали о том, почему выбрали государственную службу, о важных качествах, которыми должен обладать государственный служащий, поделились интересными воспоминаниями.

В завершение мероприятия Думан Абилев вручил ветеранам государственной службы благодарственные письма за многолетний вклад в развитие и становление государственной службы, наставническую деятельность и активную жизненную позицию.

Жазира Сейтмағанбетова, официальный представитель Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области

СЛУЖЕНИЕ РОДИНЕ – ПОЧЕТНЫЙ ДОЛГ

Алдыңғы

Жергілікті өзін-өзін басқару институттарының рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері  жөнінде семинар өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *