Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «БАЛАЛАР ҮНІ» ФЕСТИВАЛІНДЕ 600-ДЕН АСТАМ БАЛА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

✔️Түркістан қаласында ҚР Оқу-ағарту министрінің «Бала үні – болашақтың үні» атты бастамасымен балаларға арналған «Балалар үні» өнер фестивалі өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, балаларды айтулы мерекесімен құттықтады.

📌– Бұл ерекше күн – болашағымыздың жарқын бейнесі саналатын сүйкімді балаларға деген шексіз сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мерекесі. Әрбір баланың амандығы, бақытты балалық шағы – кез келген елдің, әр отбасының басты құндылығы. Біздің елімізде, облысымызда өсіп келе жатқан жасұрпақтың білімді, тәрбиелі, дені сау болып өсуіне барлық жағдай жасалып келеді. Мектептер мен балабақшалар бой көтеріп, түрлі мәдени-спорттық нысандар ашылуда. Бұл – Сіздердің болашағыңыз үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар, – деді Бейсенбай Тәжібаев.

✔️Фестиваль барысында облысымыздағы білім беру ұйымдарынан 20 мыңға жуық өнерпаз қамтылды. Бүгінгі қорытынды концертте сараптаудан өткен 600-ден астам оқушы өнерлерін ортаға салды.

✔️Сонымен қатар қоғамның назарын баланың дауысына аудару, балалардың мектеп, қала және ел өміріне қатысуын кеңейту үшін арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру бойынша балалардың пікірлері, идеялары мен тілектерін білдіруге арналған челлендж ұйымдастырылды.

✔️Сондай-ақ өнер фестивалінде білім беру ұйымдары заманауи, тақырыпқа және талғамға сай жасалған ұлттық бұйымдар, әр түрлі заттардың қосынды шығармасы, тұрмыстық қолданбалы бұйымдар, оқушылардың жеке шығармашылық бұйымдары мен ұстаздармен біріккен композициялық жұмыстарының қолөнер көрмелері ұсынылды.

✔️Оқушылар сахна төрінде ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттап, жасөспірімдердің туған өлкесіне деген сүйсіпеншілігін ұлттық өнер арқылы көрсетті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТУРКЕСТАН: НА ФЕСТИВАЛЕ «БАЛА ҮНІ» ВЫСТУПИЛО БОЛЕЕ 600 ДЕТЕЙ

✔️В городе Туркестане, в рамках инициативы министра образования РК «Бала үні — болашақтың үні» прошел фестиваль искусств «Бала үні» для детей. В мероприятии принял участие заместитель акима области Бейсенбай Тажибаев.

📌 — Это праздник безусловной любви и заботы о детях, которые считаются нашим будущим. Благополучие, счастливое детство каждого ребенка — это главная ценность любой страны и каждой семьи. В нашей стране, в области создаются все условия для того, чтобы дети росли образованными, воспитанными и здоровыми. Строятся школы и детские сады, открываются различные культурно-спортивные объекты. Это важные шаги для вашего будущего, — сказал Бейсенбай Тажибаев.

✔️Фестиваль охватил около 20 тысяч юных артистов из организаций образования региона. На сегодняшнем заключительном концерте выступило более 600 учащихся, прошедших экспертизу.

✔️В рамках фестиваля был организован челлендж для выражения мнений, идей и пожеланий детей по ответам на специальные вопросы, чтобы привлечь внимание общественности к голосу ребенка, расширить участие детей в жизни школы, города и страны.

✔️Также прошла выставка национальных изделий, предметов домашнего обихода и поделок учащихся.

✔️Участники фестиваля пропагандировали национальную культуру и литературу, проявляя любовь к родному краю через национальное искусство.

Пресс-служба акима Туркестанской области

КАЗАХСТАН УСКОРЯЕТ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ: АНАЛИЗИРУЕМ ПОКАЗАТЕЛИ С НАЧАЛА ГОДА

Алдыңғы

КӘСІБИ МІНДЕТІМЕН ҚАТАР, АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДЕ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРГЕН ЖАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *