ЖаңалықтарМәдениет

ШЫМКЕНТТЕН ЕСКЕН «ОҢТҮСТІК ЛЕБІ»

Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры жақында ғана шымкенттік көрерменнің көңілінен шығып, сұранысына ие болған башқұрт драматургы Айгиз Баймұхаметовтің «Тастамашы, ана!» спектаклін алматылық көрермендерге ұсынды. Бұл гастрольдік сапар – «Оңтүстік лебі» деп аталды. 19-20-мамыр күндері Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында спектакль екі күн қатарынан үш сеанспен сәтті өтіп, әртістердің еңбегі қалың көрерменнің ризашылығымен аяқталды. Жүректегі тебіреніс, сергелдең, ағыл-тегіл жылау сынды көрермен эмоциясы келіп көргендерден байқалып тұрды. Бастысы, ақын, жазушы Саят Қамшыгер қазақшаға аударған «Тастамашы, ана!» шығармасы жүректерге жетті.

Мәдениеттің мәйегі — театр. Сондықтан, қазақы қаймағы бұзылмаған қарашаңырақ театрдың әр жұмысы табысты, сәтті болсын!

Аида ӨТЕП, 

журналист

МАХМУДОВ БАТЫРХАН НИЯЗҰЛЫ — БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *