Жаңалықтар

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл бастаманың негізгі артықшылықтарының бірі – оқушылардың қажеттіліктеріне толық бейімделген, ыңғайлы әрі эргономикалық білім беру ортасының қалыптастырылуын айтты.

«Жоба қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған. Жобаны іске асырудың мақсаты – элиталық оқу орындарын құру емес, білім беру сапасының жоғары стандарттарын жаппай енгізу. Бұл әрбір балаға толыққанды дамуға және өз әлеуетін ашуға тең мүмкіндік беруге жол ашады. Мектептердің заманауи техникалық жарақтандырылуы XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыруға қолайлы орта жасайды. Бұған аналитикалық ойлау мен IT-құзыреттерден бастап, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерді дамытуға дейінгі бағыттар кіреді. Білім беру моделінің ерекшелігі – теориялық дайындық пен заманауи жабдықталған зертханалар мен шеберханалардағы практикалық жұмыстардың үйлесімді ұштасуында. Мұғалімдер оқушылардың ерекше қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін топтық жобалардан бастап интерактивті әдістерге дейінгі озық педагогикалық тәсілдерді қолданады», – деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ министр енді бұл стратегиялық жобаның «Келешек мектептері» деп аталатынын айтты. Министр жоба өңірлік экономиканы бірнеше бағытта ынталандыратынын да атап өтті.

Ерте кәсіби бағдар беру – жобада басты басымдық: министр жаңа форматтағы мектептердегі білім беру процесі туралы айтты 

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *