Жаңалықтар

Музей тек өткенді сақтайтын орын емес

Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған «Музей – ғасырлар сырын сақтаушы» атты мәдени-мерекелік шара – ұлт руханиятының терең тамырынан сыр шертетін, өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғаған тағылымды күн болды.

Қаратал тарихи-өлкетану музейінің қабырғасында өткен бұл айтулы шара – тек көрме емес, жүректерге жол тапқан рухани жаңғыру сабағы іспетті. Мұнда Қаратал ауданының құрметті азаматы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Абылханов Айнолла Қасенұлының және балалар шығармашылық орталығының туындылары көпшілік назарына ұсынылып, жас ұрпақтың өнерге деген құштарлығы оянды.

Шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – ұлт руханиятының шамшырағы, қазақ мәдениетінің жанашыры Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме болды. Кеңестік жүйенің шектеулеріне қарамай, ол кісінің елдік мұрат жолындағы ерлігі, Тайқазанды елге қайтару, Яссауи кесенесін қалпына келтіру, ана тілін дәріптеу сынды асыл істері – көпшіліктің жүрегіне терең әсер етті. Оның өмірі – ұлтқа қызмет етудің ұлы үлгісі. Көрмеге арнайы келген оның келіні Гауһар Тазабекқызы мен немересі Алижан Жәнібек те бұл рухани күннің маңызын арттыра түсті.

Сондай-ақ жасөспірімдерге арналған ұлттық ойындар мен шеберлік сағаттары — олардың бойында елге деген сүйіспеншілікті, салт-дәстүрге деген құрметті оятты. Ал мерекелік кеш соңындағы өнерпаздардың концерттік бағдарламасы – жүректі тербетіп, көрерменнің рухын асқақтатты.

Бұл күн — музей тек өткенді сақтайтын орын емес, ол ұлттың рухын тірілтетін, өшкенін жандыратын, ұрпақты ұлы мұраттарға жетелейтін қасиетті мекен екенін тағы бір дәлелдеді.

Қобланды АБЕНОВ

В ШЫМКЕНТЕ ОТМЕТИЛИ 80-ЛЕТИЕ МАРХАБАТ БАЙҒҰТ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *