Жаңалықтар

Қараталдағы “Таза бейсенбі” экологиялық акциясы

Жетісу облысы, Қаратал ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында “Таза бейсенбі” атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Шараға Қаратал аудандық партия филиалының мүшелері, еріктілер мен белсенді азаматтар қатысты.

Акция Үштөбе қаласының орталық саябағында өтті. Сенбілікке 30-ға жуық адам жұмылдырылып, 3 тоннадан астам қоқыс жиналды. Қатысушылар қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Қаратал аудандық партия филиалының төрағасы Руслан Тасыбаев бұл шараның маңызын атап өтіп:

“Таза әрі жайлы орта – әрбір азаматтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Бұл акция – табиғатқа жанашырлықпен қараудың жарқын үлгісі. Біз мұндай іс-шараларды тұрақты өткізіп, тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырамыз,” – деді.

“Таза бейсенбі” акциясы – аудан тұрғындарына экологиялық тәрбиенің маңызын ұғындыруға және қоғамның жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Қобландв АБЕНОВ

«Кедергісіз келешек» еңбек ұжымдарында

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *