«AMANAT» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы Г. Камамбаева «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында салынып жатқан Басши ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Нұрым және Ақтөбе ауылдарындағы фелдшерлік-акушерлік пункттерінің құрылысына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстары Басши ауылдық округі М. Сарсеновтың қатысуымен өтті. Құрылыс жұмыстарын «Бурагрупп» ЖШС және «ARSO» ЖШС жүргізуде. Басши және Ақтөбе ауылдарындағы ДА және ФАП-тың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылдау актісі рәсімделу үстінде. Ал, Нұрым ауылындағы ФАП-тың іргетас шұңқырын қазу, бетонды жастығын құю, іргетастың бетонды блоктарын орнату жұмыстары жүргізілуде және қабырғаларды қалау жұмыстары басталды. Негізгі құрал жабдықтар жеткізілген. Инженерлік-коммуникациялық желілері тартылуда. Мердігер компанияға ғимараттың сапалы орындалуына тікелей өздері жауапты екендіктерін айта келе, мониторинг топ мүшелері құрылысқа қатысты өз ұсыныстарын айтты. Мердігер өкілі өз тараптарынан келісім шартқа сәйкес алған міндеттемелерін уақтылы әрі сапалы орындайтындықтарын жеткізді.
ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Comments