Аймақ

КЕНТАУДА ЗАҢСЫЗ ОРНАЛАСҚАН ДҮҢГІРШІКТЕР АЛЫНУДА

Кентау қаласында қалалық сәулет және құрылыс бөлімі мен қалалық полиция бөлімі мемлекеттік құрылыс нормаларын, ережелері мен талаптарын бұзып, өз бетінше заңсыз салынған құрылыс нысандарын заң талаптарына сәйкестендіру және қасбеттерін ретке келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты бірнеше нысан иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, тиісті тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Себебі тексеру барысында құрылыс нысанының тиісті рұқсат құжаттарының жоқ екендігі және жер телімінің нысаналық мақсатына сай келмейтіні анықталып нысан иесіне айыппұл салынды. Қазіргі таңда нұсқама бойынша сотқа талап арыз беруге байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда.Аталған жұмыстар барысы әлі де жалғасады.
Тұрғындар назарына!
Тиісті құжатсыз құрылыс салу адам өміріне және ғимараттың тұрақтылығына зиянын тигізуі мүмкін екендігін хабарлаймыз. Азаматтарды құрылыс салу барысында заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«БОЛАШАҚҚА МҮМКІНДІК – ЖАҢА ӨМІР» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

Алдыңғы

ӘЛЕМДІК КӨШБАСШЫ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОҢАЗЫТҚЫШ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *