Аймақ

ҚҰМКЕНТТЕ «ЖЫЛЫБҰЛАҚ» КАНАЛЫ ТОЛЫҚТАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Өткен жылы Құмкент ауылдық округі тұрғындары көптен бері көтеріп жүрген «Жылыбұлақ» каналының құрылысы жүзеге асырылып, бүгін канал толықтай іске қосылды. Бұл жоба ауылдың егіс алқаптарын суландыру мәселесін оңтайландырып, ауыл шаруашылығы саласына оң өзгерістер әкелді.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылына жасаған жұмыс сапары барысында «Жылыбұлақ» каналының құрылысымен танысты. Каналдың бастау алған аумағында болып, жобаның сапасын бақылуына алды. 8 шақырымнан астам қашықтыққа орнатылған каналды іске қосудың ауыл тұрғындары үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, ауыл қариялары, салаға жауапты мамандар және мердігер мекеменің өкілдері қуанышты сәттің куәсі болды.
Қуанышты сәтте ауыл қариялары да өз алғыстарын білдіріп, бұл жобаның ауыл үшін үлкен жетістік екенін айтты. «Бұл көптен бері көтерілген маңызды мәселелердің бірі болатын. Жергілікті диқандар үшін үлкен жеңіс, себебі ала жаздай ризық-несібесін жерден терген шаруалар үшін бұл істің маңызы зор», – деді ауыл қариялары.
Айта кетейік, «Жылыбұлақ» каналының іске қосылуы 750 гектар суармалы жердің игерілуіне мүмкіндік берді. Бұған дейін бұлақ суы жерге сіңіп, егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету айтарлықтай қиындықтар туғызған. Бірақ ендігі жерде бұл мәселе толықтай шешіліп отыр.

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ

Алдыңғы

«БОЛАШАҚҚА МҮМКІНДІК – ЖАҢА ӨМІР» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *