Түркістан облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тергеу органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
Жиында Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманбек Сахов, департамент бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Бауыржан Зиятаев және ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, тергеу саласына айтарлықтай еңбегі сіңген майталман маман Алтынай Жолымбекова және басқа да қонақтар сөз сөйледі.
Олар барлық қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, қызметкерлер мен ардагерлерге зор денсаулық, амандық тіледі.
Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін мінсіз орындаған, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер мен ардагерлер грамота, алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты жиын облыстық эстрада жұлдыздарының концертік бағдарламасы, сондай-ақ естелікке суретке түсумен аяқталды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Comments